kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Өзін-өзі басқару күні

2024 жылғы 25 қарашада Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Өзін-өзі басқару күні» өткізілді. Студенттік кеңестің белсенділері колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінде жұмысқа тартылды.

«Өзін-өзі басқару күнінің» мақсаты – коммуникативтік дағдыларды дамыту, жауапкершілік сезімін арттыру және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Шара барысында студенттер өздерін түрлі рөлдерде сынап көріп, ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыс дағдыларын меңгерді. Мұндай іс-шаралар студенттердің өз әлеуетін ашуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, ересек өмірге және кәсіби қызметке дайындалуына ықпал етеді.