2024 жылғы 21 қарашада Алматы қ. ҚСДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК бітіруші топтарының студенттері 20-22 қараша аралығында “Атакент” КО аумағында өткізілетін “Білім және мансап — 2024” XXIII Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, “Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы” РММ және “Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы” ЗТБ ресми қолдауымен ұйымдастырылды.
Көрме бітіруші сынып оқушыларына, студенттерге, олардың ата-аналарына арналған. Қатысушылар Қазақстанда және шетелде бакалавриат және магистратура бағдарламаларымен, тілдік курстармен таныса алады, жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен сөйлесе алады, оқуға түсуге қойылатын талаптар туралы және тағы басқалар туралы ақпарат ала алады.
Колледж студенттері үшін осындай іс-шараларға қатысу – олардың кәсіби дамуының келесі қадамын жасау үшін қажетті ақпаратты толық және бір жерде алудың ерекше мүмкіндік.