kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ұлағатты ұстаз Шинибаева Айбарша Амековна дүниеден озды

2024 жылғы 12 қарашада Алматы қ. ҚСДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қаралы хабар… Керемет жан, ұлағатты ұстаз, № 3 «Клиникалық пәндер» ЦӘК аға оқытушысы Шинибаева Айбарша Амековна дүниеден озды.

Айбарша Амековна өз ісінің нағыз маманы, студенттер мен ұжым арасында құрметті оқытушы еді. Еңбек жолында практикалық денсаулық сақтау саласында медициналық қызметкер және білім саласында оқытушылық және кітап шығару қызметімен айналысты. Ол ұзақ жылдар бойы өмірін біздің Колледжде жұмыс істеуге арнады, оның тәрбиеленушілері Алматы қаласындағы медициналық ұйымдарында белсенді жұмыс істеуде. Оның тәлімгерлігімен «Акушерлік ісі» мамандығының студенттері бірнеше рет кәсіби конкурстарға қатысып, жүлделі орындардың иегерлері атанды. 2024 жылдың шілде айында Айбарша Амековнаның авторлығымен «Акушерия және Гинекология» пәні бойынша оқу құралы жарық көрді. А.А. Шинибаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Айбарша Амековнаны әріптестері оның мейірімділігі мен қамқорлығы, жауапкершілігі мен өз жұмысын сүйгені үшін жоғары бағалайтын.

Колледж ұжымы орны толмас қайғыға аза тұтып отыр. Ардақты әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Айбарша Амековна туралы жарқын естелік – ол кісінің көзін көрген жандардың мәңгі жүрегінде.