2024 жылғы 22 қазанында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері Республика күнін мерекелеу қарсанында ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» челленджіне қатысты.
Челлендж аясында студенттер Отанымызға, ортақ үйімізге — Қазақстан Республикасына арналған өлеңдер дайындады.
25 қазан біздің еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы бар. Республика күні тәуелсіздікке алғашқы қадам болды, ал егемендік туралы декларация ҚР конституциясы мен оның заңдарының үстемдігін жариялады. Бүгінде, ұлттық мереке мәртебесін қайтару — Қазақстанның орнықты даму, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту қағидаттарын ұстанатынын растайды.