kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

ҚР Мемлекеттік Әнұраның орындау бойынша флешмоб

2024 жылдың 22 қазанында Алматы қ. ҚДCБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылған ҚР Мемлекеттік Әнұраның орындау бойынша флешмобқа қатысты.

25 қазан — елдің егемендігі мен тәуелсіздігіне апаратын жолдың басталуын білдіретін маңызды күн. Мереке Қазақстанның бостандығын, күші мен әл-ауқатын бейнелейді. Бүгін Республика күні бірліктің, ел үшін мақтаныштың және прогреске бағытты сақтау, халықаралық байланыстарды нығайту және Қазақстанның әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін түсінудің символы болып табылады.