kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Менің Қазақстаным» тақырыбында би флэшмобы

2024 жылғы 21 қазанда Республика күні қарсаңында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері «Менің Қазақстаным» тақырыбында би флэшмобын ұйымдастырды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күнін тойлауды жандандыруды ұсынды. Мемлекет Басшысы Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтілуі тиіс екенін атап өтті.

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Аспанымыз бейбіт, таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасқан болсын.