kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеші

16.10.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 және 2 курс топтары арасында, Сәкен Сейфуллинің туғанына 130 жыл мерейтойына арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары: №1 ЦӘК «Жалпы гуманитарлық пәндер» оқытушылары Тажиев Е.Е., Джумагулова И.М., Бейсекенова Ж.С. 

Мақсаты: студенттерді ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыру, патриотизге тәрбиелеу және қазақ әдебиетінің шығармаларын оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Шараға студенттер ақынның сүйікті өлеңдерін оқып, «Сәкен аманаты» атты театрландырылған қойылым көрсетті. Колледж кітапханашысы Тайшыбекова А.С. «Алаш ардақтысы – Сәкен Сейфуллин» атты кітап көрмесін ұсынды.

Кез келген адам #оқуғақұштарколледж жобасы аясында колледжіміздің кітапханасында көрмеге қойылған кітаптарымен және  шығармашылығымен таныса алады.