kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Сырғалым” клубының жиналысы

2024 жылдың 10 қазанында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да “Сырғалым” клубының жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: «Қыз бала – отбасының шырайы»

“Сырғалым” клубы – колледждегі жасөспірім қыздардың ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, сондай-ақ қолөнер, шығармашылық, поэзия және басқа да салалармен айналысу мақсатында ішкі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін ұйым.

Жиналыста клубтың миссиясы, мақсаты және қызмет бағыттары талқыланды. Сонымен қатар клубтың жаңа жетекшісі – №3 ЦӘК «Клиникалық пәндер» оқытушысы Құралбай Ғазиза Ержанқызы тағайындалды. Барлық қатысушылармен колледждің ішкі тәртібі, тәртіп сақтау және сыртқы келбетке қатысты мәселелер қарастырылды.

Барлық колледж студенттерін оқу орнының ішінде және сыртында тәртіп сақтауға шақырамыз. “Сырғалым” клубының мүшелерінен клуб жұмысына белсенділік пен шығармашылықты күтеміз.