kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Абайдың Қара сөздері. 32 сөз» тақырыбында ашық сабақ

03.10.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №1 ЦӘК «Жалпы гуманитарлық пәндер» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Тажиев Ербол Елғондыұлы «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-5» тобында «Абайдың Қара сөздері. 32 сөз» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты: Абайдың қара сөздерін талдай отырып, білім алушының өз бетінше ізденушілік қабілетін ұштау, тұжырымды пікір айтуға үйрету. Абай қара сөздерін оқыту арқылы білім алушы бойына адамгершілік, эстетикалық, азаматтық ізгілік қасиеттерді қалыптастыру.  

Ашық сабақ барысында оқытушы оқытуда белсенді технологияларды қолдануға ерекше назар аударды: шағын топтарда жұмыс істеу, проблемалық оқыту элементтерімен ситуациялық жағдатарды шешу, сыни ойлау стратегиясын пайдаланды.

Ашық сабақта студенттер үшін Абайдың шығармаларының кітап көрмесі ұйымдастырылды. Біздің студенттер қазақ және орыс әдебиеті өкілдерінің осы және басқа да көптеген шығармаларымен колледж кітапханасының абоненттік бөлімінде таныса алады. Құрметті студенттер! Біз сізді бос уақытыңызды кітап оқуға шақырамыз!