kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Алматыда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде

Алматы қаласының медициналық ұйымдарында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру циклі басталды, оның шеңберінде кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізудің негізгі аспектілері талқыланады. Оқытуды ұйымдастырушы — С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.

Кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін дамытуда маңызды қадам болып табылады. Бұл медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар медициналық көмектің сапасын жақсарта отырып, пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2024 жылғы 23 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы күшіне енеді, ол осы сақтандырудың тәртібін белгілейді.

Оқыту медицина қызметкерлері үшін құқықтық тәуекелдерді азайтуға, кадрлардың кетуін азайтуға және мамандардың қорғалу сезімін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Жаңа қағидаларды енгізу медицина қызметкерлерінің барынша сенімді және қорғалған тәжірибесіне негіз болады.

Цикл Алматы қаласы бойынша үйлестіруші, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қосымша және кәсіптік білім беру институтының терапевтік пәндер кафедрасының доценті Баян Бижановна Камалованың басшылығымен өткізілуде Оқытуға мынадай тренерлер: «ҚазОРҒЗИ» АҚ сарапшы-дәрігері Лаура Бегановна Абдазимова; «ҚРҰФҒО» АҚ ПҚҚ және ІБ басшысы Ердикасим Абдимомынулы Асқанбай, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапевтік пәндер кафедрасының қызметкерлері — кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гулнара Габдуалиевна Беделбаева, доцент Елена Борисовна Ужегова және ассистент Базарбай Ердашевич Ердаш та қатысуда.

Оқытудың аталған циклі кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды табысты енгізу үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған, бұл ұзақ мерзімді перспективада Қазақстандағы медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсерін береді.