30 қыркүйек 2024 жылы Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Алматы қаласы жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу шеңберінде 1 курс білім алушылары үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының аға оқытушысы, дінтанушысы, Мамырбаев Дидар Жетпісұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту, сондай-ақ жастарды теріс діни идеологиялардан қорғау. Кездесу барысында студенттерге діни экстремизмнің қаупі, оның қоғамға әсері және діни сауаттылықтың маңыздылығы түсіндірілді. Лектор діни экстремизмге қарсы тұрудың негізгі әдістері және қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау жолдары туралы айтты.
Осындай іс-шаралар білім алушылардың діни сауаттылығын арттыруға және экстремистік идеологияларға қарсы тұру қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосады.