kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Бопсалау, әлімжеттік көрсету», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында түсіндіру жұмысы

2024 жылы 26 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Медеу ауданы ПБ-нің аға лейтенанты Отар Д.С. мен аға лейтенант Кисметова Р.Ш. «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Бопсалау, әлімжеттік көрсету», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында білім алушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, заң бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингке қарсы күрес әдістері туралы маңызды ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері құқықтық мәселелер бойынша кеңестер ұсынып, түрлі жағдайлардағы әрекет ету алгоритмдерін түсіндірді.

Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және буллинг пен заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.