kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Алматы — Біз сені сүйеміз!» тақырыбында флешмоб

Медеу ауданы әкімдігінің басшылығымен 2024 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білімгерлері бірлесіп, «Алматы — Біз сені сүйеміз» тақырыбында қаламыздың қонақтары мен тұрғындарын қуанту мақсатында мерекелік флешмоб терренкур аумағында ұйымдастырды.

Биыл мерекеге орай балалармен қатар, ересектерге де керемет көңіл күй сыйлады.

Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.

Біздің колледж білімгерлері Алматы қаласына деген сүйіспеншілігін іс-шаралармен нығайтады, атап айтқанда, қоғамдық орындарды жинау және абаттандыру бойынша экологиялық акцияларға қатысады, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қалалық алаңдарда шығармашылық және би секілді өнерлерін көрсетеді.