Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы 2024 жылы 18 қыркүйек күні Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК–да 2 курс білімгерлері арасында «Коммуникация негіздері және шиеленісті басқару» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.
Кездесуде тарих ғылымдарының кандидаты, ҚҰУ доценті, медиация және құқық орталығының директоры Парасат Урозбаева Г.А., медиатор, медиаторлар тренері Адаев М.М. дәріс жүргізді.
Білімгерлерге қарым-қатынас негіздері және жанжалдарды шешудегі медиация тәсілі туралы түсіндірді. Дәріс барысында конфликт анатомиясына, коммуникациялық технологияларға және шиеленістерді шешудегі медитативті тәсілдің құралдарына қатысты айтты.