12.09.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да №1 ЦӘК оқытушыларымен Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында «Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға 1 курс және 2 курс студенттері тілдің өзектілігі мен маңыздылығын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түсіндіріп, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар қызығушылықтарын арттыру мақсатында мақал-мәтелдердің басын бастап, білімгерлер жалғастырды.
Бұл мерекенің мақсаты, білімгерлердің бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да, шешен сөйлеуге баулу.