2024 жылғы 02 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының ретрансляциясы өтті.
Президент қаржы институттарының, салық органдарының, МӘМС жүйесінің және т. б. жұмысын жетілдіру қажеттігін мәлімдеді. Сондай — ақ келесі жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
«2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру қажет. Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге ықпал ететін болады. Адал, қажырлы еңбекпен табысқа жеткен адамдар әрқашан қадір мен құрметке ие болуы қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
#Жолдау2024