kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

9 сынып негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурстың нәтижелері

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Негізгі орта білім беру базасында (9-сыныптан кейін) Алматы қаласының колледждеріне оқуға түсу кезінде барлық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурстың (саралаудың) нәтижелерін gz.bilimalmaty.kz порталынан білуге болады

Ол үшін ата-аналардың бірінің ЭЦҚ кілті арқылы жүйеге кіріп, оқуға түсушінің (талапкердің) ЖСН енгізу қажет.

Конкурс бойынша өткен талапкерлер 22, 23, 24 тамызда білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттарға қол қою үшін ата-аналарымен бірге Колледжге келулеріңізді сұраймыз.