Құрметті талапкерлер! Естеріңізге сала кетейік, Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 25 маусымнан бастайды.
Қабылдау үшін құжаттар тізімі:
• Жеке куəлік / туу туралы куəлік (түпнұсқа);
• Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестатқа қосымша (түпнұсқа + көшірме));
• 3х4 фотосурет – 6 дана;
• Ата-ананың бірінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ);
• флюоросурет қоса тіркелген №075 /у нысандағы медициналық анықтама;
• Əлеуметтік мəртебені растайтын құжат (толық емес отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер);
• Мүмкіндігі шектеулі үміткерлер үшін медициналық-санитарлық сараптаманың 088-У нысандағы қорытындысы.
Оқуға түсу мәселелері бойынша:
* Бізге Instagram-да тікелей хабарлама жіберіңіз;
* +7 701 673 5926, +7 701 673 5627, +7 (727) 387 37 30 телефондарға қоңырау шалыңыз.