kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ғылым. Іздеу. Инновация – 2024» тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжi» КМК 2024 жылдың 05 маусымында «Ғылым. Іздеу. Инновация – 2024» тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция ұйымдастыру комитеті өкілдерінің құттықтау сөзімен ашылды. Олар ғылымдағы алғашқы қадамдарын жасап жатқан жас зерттеушілерге насихаттау сөздерін айтты, өйткені студенттік конференция – бұл түсінетін адамдарға сұрақтар және жауаптармен бөлісіп, мұндай коммуникациядан нақты пайда.алудың бірегей мүмкіндігі.

Конференцияға қатысушылар медицина саласындағы зерттеулерімен таныстырып, тыңдаушылар мен қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Баяндамаларды талқылауға 15 қатысушы 1-4 курс студенттері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды:
1-ші орын: — Толепбергенова Айгерім, Худякова Виктория.
2-ші орын: — Игемберди Юсупжан, Каракенов Асанали, Берушева Дианна.
3-ші орын: — Курманалиева Камилла, Төйкетай Әмина, Нұртай Аяжан.

Конференцияға қатысқан студенттер мен ғылыми басшыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және баршаға ғылым саласында табыстар тілейміз!