kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Сейсмикалық жаттығу

2024 жылдың маусым айында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «АҚМЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі жағдайында ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында қызметкерлермен және білім алушылармен Сейсмикалық жаттығу өткізілді.

Сейсмикалық оқыту кезінде келесі міндеттер пысықталды:
1) Жиналуды ұйымдастыру және жер сілкінісі туралы хабарлау;
2) қызметкерлер мен білім алушыларды ғимараттан эвакуациялау;
3) ТЖ жағдайында Алғашқы медициналық көмек көрсету.

Сейсмикалық жаттығулар сәтті өтті, Колледж қызметкерлері мен білім алушыларының төтенше жағдайда әрекет етуге дайындығы тексерілді.