2024 жылдың 29 мамыры Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қызметкерлері мен студенттеріне арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Д.Ж. Садықовпен кездесу ұйымдастырылды.
Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі нормативтік құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талқыланды. Колледж қызметкерлері мен студенттері сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік шаралары, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған мекеменің жергілікті нормативтік-құқықтық актілері туралы толық ақпарат алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алуға және құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болатын тегін call-орталығы (1424 нөмірі) бар екенін еске саламыз.