Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 4-Сәуір күні колледжіміздің студенттік кеңес мүшелері, қазақ өнерінің алтын қазынасы «Қыз Жібек» операсының сахналанғанына – 90 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Халқымыздың кәсіби опера тарихы осы «Қыз Жібектен» бастау алған. Осыдан 90 жыл бұрын 1934 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қыз Жібек» – опералық шығармасының алғашқы қойылымы өтті.
Жібектің рөлін алғаш сомдаған қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова. Ал, Төлегенді Қанабек Байсейітов ойнады. Әйгілі әнші Манарбек Ержановта Шегенің образын көрерменге тамаша жеткізді.
Қыз Жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар.
Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.