kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Сейсмикалық оқу-жаттығуы

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 28.03.2024 ж. сағат 11:00–де сейсмикалық оқу-жаттығуы өтті.

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апат кезінде қажет дабыл чемодандарды дайындап төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдың 10 қарапайым ережесі:

  1. Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз.
  2. Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  3. Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз.
  4. Сенімді, берік баспана табыңыз: егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз.
  5. Бөлмеден шығыңыз (көп қабатты үйлерде – сілкініс тоқтатқаннан кейін).
  6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
  7. Алдын ала дайындалған дабыл чемоданын алыңыз.
  8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
  9. Қайта сілкініске дайын болыңыз.
  10. Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.