2024 жылдың 15 наурызында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК аспаптар клубы студенттері «Нағыз Қазақ – Домбыра» атты дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кеш ұйымдастырды.
Мақсаты: домбырадан таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағы, сарқылмас қазынасы. Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.
Домбыра — Қазақ халқы үшін тұтас бір дүние және оның жаны. Бұл аспап Ұлы даланың терең философиясын бейнелейді.
Қазақ әдебиетінің классиктері домбыраға деген таңданысы мен ерекше құрметін білдірген. Абай, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және көпетеген басқа да қаламгерлер домбыраға деген сүйіспеншілікке толы шығармалар қалдырды.
2014 жылы домбырада қазақ күйлерін орындау өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді.