kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мержан Мирзашов – армрестлингтен ҚР чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Массажист» біліктілігі, “Мейіргер ісі” мамандығының 22-18 топ студенті – Мержан Мирзашов армрестлингтен ҚР чемпионатына қатысты. Жарыс 2024 жылғы 03-06 наурыз аралығында Тараз қаласында өтіп, онда тірек-қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылар бақ сынасты.

Мержан Мирзашов 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шығып, 6 жекпе-жектен кейін чемпионаттың қола медалін жеңіп алды!

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер атынан Мержан Мирзашовты – армрестлингтен ҚР чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атағымен құттықтайды! Өткен жылы Мержан Талғар қаласында өткен ҚР чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз, қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмаңыз, өзіңізге және өз күшіңізге сеніңіз! Келесі жарыстар сізге чемпионаттың алтын медалін әкелсін!