kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім» атты поэзия кеші

08.02.2024 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім» атты поэзия кеші өтті.

М. Мақатаевты қазақ әдебиетінің Абай, М.Әуезов сынды тұғырларымен қатар қояды. Даңқ пен танымалдық оған қайтыс болғаннан кейін келді. Мақатаев қысқа, бірақ жарқын өмір сүріп, ұрпақтарына ұлттық нақышқа толы ерекше поэзияны қалдырды.

Мұқағали дарынды аудармашы ретінде де танымал. Туған жерге, қазақ тіліне ғашық болған ол дүниежүзілік әдеби мұраны қазақ тіліндегі отандастарына қолжетімді. Ол Шекспир сонеттерін, Дантенің «Құдай комедиясын», А. Блоктың, Н. Некрасовтың т.б. поэзиясы қазақ тілінде сөйлетті.

Шараны Алматы қ. Медеу ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің үйлестіруімен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, кітапхана қызметкерлері, 1 курс студенттері ұйымдастырды.

Колледж студенттері дайындаған кешті біздің бейнематериалдар арқылы тамашалай аласыздар.