kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық стоматолог күніне арналған «Тіс саулығы – тән саулығы» атты іс-шара

02.09.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Халықаралық стоматолог күніне арналған «Тіс саулығы – тән саулығы» атты іс-шара өтті.

Стоматология – тістерді, олардың құрылысы мен қызметін, олардың ауруларын, олардың алдын алу және емдеу әдістерін зерттейтін медицина саласы.

Стоматологияның бөлімдері:
• Терапиялық стоматология;
• Пародонтология;
• Хирургиялық стоматология;
• Ортопедиялық стоматология;
• Эстетикалық стоматология;
• Ортодонтия.

Шараны Алматы қ. Медеу ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің үйлестіруімен, оқытушы-кураторлар Ж.Б. Ахымбекова, У.Б. Турлубекова, Д.Б. Мырзахан, А.И. Тәтібекова, Р.Б. Идришев және Д 22-08, Д 22-09, ЗТ 22-014, Д 22-04 топ студенттері ұйымдастырды.

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұжымы осы мамандықтың барлық өкілдерін, сондай-ақ біздің студенттер мен құрметті ұстаздарымызды Халықаралық стоматолог күнімен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, бақыт пен өркендеу тілейміз!