25.01.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да жер сілкінісі кезінде персоналдың іс-қимыл алгоритмі мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Колледждің әкімшілік-басқару персоналы қатысқан жиналысты АҚ және ТЖ маманы С.Ж. Каменов өткізді.
Мәлімет үшін. Колледжде студенттермен тұрақты негізде практикалық жаттығулар – сейсмикалық жаттығулар, селге қарсы жаттығулар, өртке қарсы жаттығулар өткізіледі.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдың 10 қарапайым ережесі:
- Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз.
- Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
- Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз.
- Сенімді, берік баспана табыңыз: егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз.
- Бөлмеден шығыңыз (көп қабатты үйлерде — сілкініс тоқтатқаннан кейін).
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
- Алдын ала дайындалған дабыл чемоданын алыңыз.
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз.
- Қайта сілкініске дайын болыңыз.
- Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.