kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Үздік мейіргер» кәсіби байқауы

12.12.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ Жоғары медициналық колледжі КМК «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша 3 және 4-курс студенттері арасында «Үздік мейіргер» кәсіби байқауы өткізілді.

Байқауды ұйымдастырушылар: №5 ЦӘК «Мейіргер ісі» оқытушылары. Кәсіби байқаудың негізгі мақсаты: студенттерді даярлаудағы оқыту сапасын бағалау және оны одан әрі жетілдіру.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:
– Тестілеу;
– Өзін-өзі таныстыру видеопрезентациясы;
– Көктамырға инъекция орындау техникасы;
– Х тапсырма.

Қазылар алқасының мүшелері:
– Мусина Г.А. – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “№ 4 Қалалық клиникалық аурухана” КМК бас мейіргері;
– Турсунова Г.Б. – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Алматы онкологиялық орталығы” КМК бас мейіргері;
– Амрина Г.А. – Ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы;
– Еркінов Қ.Е. – Кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру бөлімнің меңгерушісі;
– Бектасова Ж.Е. – № 5 ЦӘК төрайымы;
– Шинибаева А.А. – № 3 ЦӘК аға оқытушысы;
– Ибраимова Ж.Д. – № 5 ЦӘК оқытушысы.

Төрт кезеңнің нәтижелері бойынша жүлделі орындар:
– І Дәрежелі диплом «Үздік мейіргер» – Жумаш Қарлығаш;
– ІІ Дәрежелі диплом – Әшімбек Аяулым;
– ІІІ Дәрежелі диплом – Көкенәлі Айтолқын;
– «Парасатты мейіргер» номинациясы – Мейірханқызы Гүлімай;
– «Ең креативті мейіргер» номинациясы – Төлепбаева Айгерім;
– «Коммуникативті мейіргер» номинациясы – Саматқызы Аяжан;
– «Көрермен көзаймы номинациясы» номинациясы – Орынбаева Нұрай.