kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім»

2023 жылдың 15 желтоқсанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» тақырыбындағы салттанатты кеш өткізілді.

Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық үшін ерекше құндылыққа ие және күнтізбедегі кезекті тарихи күн, мемлекетіміздің дамуы үшін негізі болып табылатын – бостандық пен бірліктің символы.

Студенттік кеңес мүшелерінің белсенділігімен концерттік бағдарламада театрландырылған қойылым, әндер, билер мен күйлер көрсетілді.

Мереке қарсаңында колледж директоры Ж.М. Молдакулов «Колледжге адал қызметіңіз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін» қызметкерлерін және «Колледждегі қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытқаныңыз үшін» студенттік кеңесінің белсенділерін алғыс хаттармен марапаттады.

Колледж әкімшілігі Сізді ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Біздің елімізге өркендеу, әр отбасына бақыт және амандық тілейміз!