2023 жылғы 04 желтоқсанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №5 ЦӘК оқытушысы Ахмедьярова Олеся Михайловна 22-11 «Мейіргер ісі» тобының студенттерімен бірлесіп алғаш рет Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 74 мекенжайында орналасқан «Денсаулық кілті» жастар денсаулық орталығына (ЖДО) барды.
Жастар денсаулық орталығының бас мейіргері Назира Тұрсынғалиқызы Хасанова бүкіл орталықпен және оның қызметкерлерімен таныстырды, ал орталықтың психологтары «Стресс және оның алдын алу әдістері» тақырыбында шағын тренинг өткізді.
«Денсаулық кілті» жастар денсаулық орталығы — репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 15 пен 29 жас аралығындағы студенттерімізге медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік қызметтер көрсетеді. МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер тегін көрсетіледі.