kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Студен қатарына қабылдау

2023 жылдың қараша айының 27-29 аралығында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттерін «Студен қатарына қабылдау» салтанатты шарасы өтті.

Дәстүрлі шарада 1 курс білім алушылары колледж студенті деген атқа лайықты болуға ант беріп, символдық «Алтын кілті», «Студенттік билетке», «Сынақ кітапшасына ие болды. Қабылдау кешінің соңы оқу орнының өнерлі жастарының мерекелік концертіне ұласты.

ХХІ ғасыр жастары желмен жарысқан. Ой әрісі ғарышпен таласқан білімді жастардың ғасыры. «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да тапқыр, білгір де білікті болатындарыңызға кәміл сенімдеміз. Білім алу жолындағы сапаларыңыз сәтті болсын.

Концерттік бағдарламада 1 курс студенттері заманауи би, вальс, вокал әндері бойынша қойылымдар қойып, өнерлерін көрсетті. Мерекелік шарада Студенттік кеңес өңірімізге танымал әншілерге пародия жасаеп, ән шырқап, ойындар ойнатылды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.