2023 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да студенттер үшін “АИТВ және алдын алу шаралары” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Шақырылған дәріскерлер:
— Аралбаева Камшат Саматқызы – Алматы қ. ҚДБ “ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы” ШЖҚ КМК эпидемиолог дәрігері;
— Воронцова Виктория Владимировна – «AFEW Kazakhstan» қоғамдық жоба қорының координаторы;
— Гришина Диана Олеговна – «AFEW Kazakhstan» қоғамдық жоба қорының координаторы.
АИТВ-инфекциясы және оның ЖИТС-ке әкелетін салдары — біздің заманымыздың күрделі мәселелерінің бірі. АИТВ және ЖИТС бойынша қолайсыз жағдайды тудыратын себептердің қатарына әлеуметтік проблемалар, сананың төмен деңгейі, жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы білімнің болмауы, аурудың жеке қаупі мен салдарын түсінбеу жатады.
Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, пайдалы қызметпен айналысу, білім алу — қазіргі жастардың негізгі қағидаттары осы. АИТВ / ЖИТС-ның алдын алу туралы білім жастарға табысты, салауатты және толыққанды өмір сүру жоспарларын жүзеге асыруға көмектеседі.