kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Шәкәрім мұрасы — ұлт қазынасы» тақырыбында тәрбие сағаты

2023 жылғы 03 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Шәкәрім мұрасы — ұлт қазынасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара биылғы жылы ақынның туғанына 165 жыл толуына орай колледжімізде ақын мұраларын насихаттау мен жас ұрпаққа таныту мақсатында өткізілді. Ұйымдастырушылар: №1 ЦӘК оқытушылары Тәтибекова А.И., Қонақбаева А.С., Сулейменова Ж.Ж., Джумагулова И.М. және колледж кітапханашы Тайшибекова А.С.

Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырып, өркениетіміз бен ұлттық санамыздың ілгерлеуіне ұшан-теңіз үлес қосқан ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді.