kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жайнай бер, жасай бер, Менің қазақ елім!»

Қазақстан Республика күніне орай, 2023 жылдың 23 қазан айында, Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімімен студенттік кеңес мүшелері бірлесіп «Жайнай бер, жасай бер, Менің қазақ елім!» атты мерекелік іс шара өткізді

Концерттік бағдарламада білімгерлер ән, күй, би, тақпақтар орындады.

Мақсатымыз: Білімгерлердің туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың маусым айында Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күнін тойлауды жандандыруды ұсынды. Мемлекет Басшысы Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтілуі тиіс екенін атап өтті.

Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Аспанымыз бейбіт, таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасқан болсын. Жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікке ұмтылып, жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болғай!