kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жас оқытушыны колледждің оқу-тәрбие процесіне психологиялық-педагогикалық бейімдеу»

2023 жылы 19 қазанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №5 ЦӘК оқытушысы Ахмедьярова Олеся Михайловна «Жас оқытушыны колледждің оқу-тәрбие процесіне психологиялық-педагогикалық бейімдеу» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Біздің колледжде жыл сайын тренинг форматында осындай мастер-класстар өткізіледі. Олардың мақсаты медицина колледжінің білім алушыларымен тиімді педагогикалық қызмет үшін «жас» оқытушы меңгеруі қажет педагогикалық және психологиялық білімнің негіздерін зерделеу болып табылады.

Биылғы жылы колледж оқытушысы мен білім алушысының жеке басын құрайтын мәселелер талқыланды, «темперамент» ұғымы қарастырылды және сабақты құру құрылымы берілді.