kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Өрт және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар»

2023 жылғы 10 қазанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері мен қызметкерлері үшін «Өрт және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында дәріс өткізілді.

Мақсаты: жеке қауіпсіздік пен басқа адамдардың қауіпсіздігіне жауапты қатынасты қалыптастыру.

Шақырылған дәріскерлер:
– Нұрасыл Саматұлы – Алматы қ. Медеу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері;
– Ералы Мади Ерланұлы – Алматы қ. Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері.

Дәріс барысында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану және «дабыл чемоданын» дайындау бойынша нұсқаулық өткізілді.

Мұндай оқыту Колледжде үнемі жүргізіледі. Өрт немесе жер сілкінісі кез-келген уақытта болуы мүмкін және адам оның эпицентрінде өмір сүре ала ма, жоқ па, бұл көбінесе қауіпсіздік техникасы мен өрт пен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар ережесін білуге байланысты.