kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазым – ақылшым» атты мерекелік концерті

05 қазан күні Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі мен студенттік кеңес ұйым бірлесіп, Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазым – ақылшым» атты мерекелік концерт өткізді.

Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын!