05 қазан күні Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі мен студенттік кеңес ұйым бірлесіп, Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазым — ақылшым» атты мерекелік концерт өткізді.
Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын!