kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

1 қазан Қарттар күніне орай концерттік бағдарлама

1 қазан Қарттар күніне орай, 2023 жылдың 29 қыркүйек айында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен, Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп «Мейірім» күтім үйіне, 1 курс студенттері арнайы концерттік бағдарламамен барды.

Концерттік бағдарламада білімгерлер ән, күй, би, тақпақтар орындады. Қарияларымыз өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді. 

Білімгерлерді апару мақсатымыз бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасының, салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.