kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тіл – халық қазынасы» атты қалалық байқауы

29.09.2023 ж. №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің базасында колледждердегі еуропалық ұлтты 2 курс студенттері арасында «Тіл – халық қазынасы» атты мемлекеттік тілді насихаттау мақсатындағы қалалық байқау ұйымдастырылды.

Байқауға Алматы қаласының 19 колледжінен студенттер қатысып, біздің колледждің «Мейіргер ісі» бөлімінің 22-13 топ студенті Семина Айым бақ сынады. Байқаудың 3 кезеңінде қажырлы еңбек пен білімге ұмтылу нәтижесінде біздің білімгер Семина Айым жүлделі 2-орын иегері атанды.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері атынан білімгер Семина Айым мен жетекшісі Қонақбаева Айгүл Серікболқызын жүлделі орын алуымен құттықтаймыз! Жетекшісі мен білімгерімізге шығармашылық табыс тілейміз!