2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Терроризм қаупі. Төтенше жағдайлар алгоритмі» тақырыбында аралас форматта дәріс өткізілді. Дәріскер Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі маман Серікжан Жеңісұлы Каменов болды.
Дәрістің мақсаты — оқу орнының қызметкерлері мен студенттеріне төтенше жағдайларда дұрыс бағдарлануға және әрекет етуге көмектесу, сондай-ақ қылмыстарды тергеуге ықпал ететін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
Қандай әрекеттер жасау керек? Террористік актіге, төтенше жағдайға алдын-ала дайындалу мүмкін емес, сондықтан сіз әрқашан сақ болуыңыз керек. Әрбір колледж қызметкері мен әрбір студент төтенше жағдайларда өздерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін білуі керек.
Құрметті колледж қызметкерлері мен студенттері! Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісін жасау қаупі және төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл нұсқаулықтары мен алгоритмдерінің толық мәтінімен колледждің www.medcollege.kz ресми сайтында таныса аласыздар. Құжаттар тізімі:
- Қауіп төнген және террористік актілер жасалған кезде террористік тұрғыдан осал объектілер басшылары мен қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі;
- Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезіндегі басшылардың іс-қимылдары бойынша нұсқаулық;
- Терроризм актісін жасау қаупі және төтенше жағдайлар туындаған кезде күзетшінің іс-қимыл алгоритмі;
- Террористік акт қаупі туындаған кездегі студенттердің іс-қимыл алгоритмі.