kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Білім күні!

01.09.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК жаңа оқу жылының басталуы Білім күніне арналған «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты іс-шараның өткізілуімен ерекшеленді.

Колледж директоры, м.ғ.к., профессор Молдакулов Жумахан Мукашович студенттерге құттықтау сөз сөйледі.

Құрметті студенттер! Біздің колледж 40 жылдан астам уақыт бойы сұранысқа ие орта медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан ҚР-дағы жетекші оқу орны. Сіздермен тәжірибелі педагог-практикалық денсаулық сақтау мамандары айналысатын болады. Сіздер алғашқы күндерден бастап көп нәрсені үйренулеріңіз керек, өйткені ақ халат кию – мақтаныш, даналық, білім және абырой. Біздің студенттер әрқашан қалалық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындармен ерекшеленді. Жақын арада сіздер де өзіңізді жоғары көрсететіндеріңізге және Алматы қ. ҚДБ «ЖМК» студенті атағын мақтанышпен алып жүретіндеріңізге сенімдіміз!

Білім күні құтты болсын!