kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Кәсіптік тәжірибе шеберлері” атты сайысы

13 маусымда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№ 30 Қалалық емхана» КМК (бұдан әрі – №30 ҚЕ) “Кәсіптік тәжірибе шеберлері” атты сайысы өтті, оған Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК және «Республикалық жоғары медициналық колледжі» ЖШС студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

  • Медициналық колледж студенттерінің практикалық дағдыларды меңгеру дәрежесін анықтау;
  • Болашақ мейіргер ісі мамандарының іскерлік белсенділігін ынталандыру, кәсіпке қызығушылығын арттыру, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Байқау келесі кезеңдерден тұрды: команданың таныстыруы, «Сұрақ – жауап» викторинасы, тәжірибеден алынған жағдай, флэшмоб.

Байқау қазылар алқасы:

  • №30 ҚЕ бас дәрігері – Хамидулла Асель Дулатовна;
  • №30 ҚЕ бас мейіргері – Садакбаева Гүлім Қуанышқызы;
  • №30 БП аға мейіргері – Рима Молдахметқызы.

Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер «Үздік студент-2023» атағын және мадақтамасын алды, біз оларды шын жүректен құттықтаймыз! Колледж басшылығы кәсіби сайысты ұйымдастырғаны және өткізгені үшін № 30 ҚЕ әкімшілігіне алғысын білдіреді.