kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Үздік акушер – 2023» республикалық кәсіби байқауы

25.05.2023 ж. Қостанай облысы әкімдігі ДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастырған «Үздік акушер – 2023» республикалық кәсіби байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты: білім алушылардың кәсіби даярлығының сапасын анықтау. Байқау үш кезеңнен тұрды:

I Кезең – қатысушылар «Акушерлік агрессия» тақырыбында эссе жазды,
II Кезең – бейнеролик дайындады;
III кезең – «Қазақстан Республикасындағы отбасын жоспарлау» тақырыбындағы буклеттер байқауы.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан конкурсқа «Акушерлік ісі» мамандығының 2 курс студенті Несіпқұл Сабина қатысты. Сабинаның байқау жұмыстарын қазылар алқасы бағалап, 2 орын Дипломымен марапаттады.

Несіпқұл Сабина мен оның ғылыми жетекшісі Шинибаева Айбарша Амекқызын құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен шығармашылық жеңістер тілейміз!