kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Анатомия және физиология» пәндерінен олимпиада

2023 ж. 19 мамырда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да № 2 «Жалпы кәсіптік пәндер» циклдық әдістемелік комиссиясы ұйымдастыруымен «Анатомия және физиология» пәндерінен Емдеу ісі және Мейіргер ісі мамандықтары студенттері арасында пәндік олимпиада болып өтті.

Олимпиадаға жалпы 5 команда қатысып, 4 кезеңнен тұратын тапсырмалар бойынша бақ сынады. Олимпиада нәтижелері бойынша:

  • Жарысқа Лобанов Руслан Касымович жетекшілігімен қатысқан “Глюкагон” командасы жеңімпаз атанып, өздерінің дарынды екенін көрсетсе;
  • “The best paramedics” және “Sic Parvis Magna” командалары олимпиаданың 2 орынын өзара бөлісті.
  • Ал “Sirius” және “Veni, Vedi, Vici” командалары 3 орынды иеленді.

Іс-шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.