31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «ЕІ 22-01», «ЕІ 22-2» топ білім алушыларымен тарих пәнінің оқытушылары А.Н. Далибаева, О. Хасыхан Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне барды.
Мұражайға саяхаттың мақсаты: ХХ ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түркітанушы, лингвист-ғалым А. Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ұлттық идеяны биіктен көрсету. Мұражайда студенттер «Алаш» арысының жеке заттарын тамашалап, А. Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертетін құжаттармен танысты.
А.Байтұрсынұлының шығармашылығына қатысты 2000-ға жуық ғылыми мақала, 50 монография, халықаралық және республикалық ғылыми конференция материалдары жарық көрді. Бұл жинақтардың барлығы мұражай қорының асыл қазыналары.
Дереккөздер бойынша, елімізде 1937-38 жылдары, яғни бас-аяғы бір жылдың ішінде 102 мың адам тоталитарлық режимнің құрбаны болған екен. Дәл осы тұста Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейханов, Б. Майлин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, А. Розыбакиев, М. Масанчи, І. Жансүгіров, Л. Мирзоян, С. Сейфуллин, С. Асфендияров, Х. Досмұхамедов пен Ж. Досмұхамедов қатарлы қазақ зиялылары, мәдениет қайраткерлері жазықсыз атылды.