kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледж директорының міндетін атқарушы – Молдакулов Жумахан Мукашович

25.05.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары – Иманғалиева Назгүл Мелисқызы жұмыс сапарымен келді. Кездесу аясында колледж ұжымына директорының міндетін атқарушы – Молдакулов Жумахан Мукашович таныстырылды

Жумахан Мукашович колледждің әкімшілік-басқару ұжымымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, оқу орнын дамыту жоспарлары мен орта медициналық кадрларды даярлау жүйесінің даму тенденцияларын талқылады.

Ақпарат үшін. Молдакулов Жумахан Мукашович – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Аймақтық менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі.

Білімі:

  • Қарағанды мемлекеттік медицина институты, мамандығы, «Емдеу ісі», біліктілігі – дәрігер;
  • «Травматология және ортопедия»,» Қоғамдық денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты.

Жумахан Мукашович әр жылдары травматолог-дәрігер, травматология бөлімшесінің меңгерушісі, Денсаулық сақтау басқармасының бас травматологы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, көпсалалы клиникалық аурухананың директоры қызметтерін атқарды.

Марапаттар:

  • «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі;
  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
  • «Құрмет» Ордені.