25.05.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары — Иманғалиева Назгүл Мелисқызы жұмыс сапарымен келді. Кездесу аясында колледж ұжымына директорының міндетін атқарушы – Молдакулов Жумахан Мукашович таныстырылды
Жумахан Мукашович колледждің әкімшілік-басқару ұжымымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, оқу орнын дамыту жоспарлары мен орта медициналық кадрларды даярлау жүйесінің даму тенденцияларын талқылады.
Ақпарат үшін. Молдакулов Жумахан Мукашович — медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Аймақтық менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі.
Білімі:
- Қарағанды мемлекеттік медицина институты, мамандығы, «Емдеу ісі», біліктілігі — дәрігер;
- «Травматология және ортопедия»,» Қоғамдық денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты.
Жумахан Мукашович әр жылдары травматолог-дәрігер, травматология бөлімшесінің меңгерушісі, Денсаулық сақтау басқармасының бас травматологы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, көпсалалы клиникалық аурухананың директоры қызметтерін атқарды.
Марапаттар:
- «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі;
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
- «Құрмет» Ордені.