kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Жүктілік кезіндегі антенатальды күтім. МСАК деңгейіндегі акушерлердің рөлі” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

18.05.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК медициналық ұйымдардың мамандары мен медициналық колледж студенттері арасында “Жүктілік кезіндегі антенатальды күтім. МСАК деңгейіндегі акушерлердің рөлі” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция бағдарламасына денсаулық сақтаудың салалық, практикалық және аса өзекті мәселелерін қамтыған баяндамалар енгізілді. Конференция Инновациялық білім беру технологияларын анықтау, кәсіби құзыретті маманның оқыту сапасын арттыруға бағытталған практикалық оқытудың рөлін күшейту үшін педагогтардың, студенттердің және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасына мүмкіндік берді.

Конференцияға қатысушылар ұсынылған материалды, дәріскерлердің шеберлігін және материалды ұсыну әдістерін жоғары бағалады. Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамалар келесі номинациялармен марапатталды:

• «Үздік зерттеуші» – Гасанова Эллина Амирхановна (“Ұзынағаш” медициналық колледжі), Таласбаева Айгерім Махсетовна (Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы);
• «Шығармашылық жұмыс үшін» – Жакенова Жансая, Сағындық Жансая (Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК);
• «Тәжірибелік дағдылар үшін» – Атагельдиева Маржан Турдахыновна (Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы), Махатова Алтынай Баянгалиевна (Жамбыл облысы әкімдігінің ҚДБ ШЖҚ “Жамбыл жоғары медициналық колледжі” КМК);
• «Өзектілік үшін» – Қуанышова Аружан Мырзалиқызы (Қызылорда обл. “Болашақ” Жоғары медициналық колледжі”), Караджаева Сальминаз Махамедовна (Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “№2 Қалалық перзентхана” МКК);
• «Инновация енгізген үшін» – Колесниченко Маргарита Анатольевна Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “№2 Қалалық перзентхана” МКК), Гасанова Эллина Амирхановна (“Ұзынағаш” медициналық колледжі);
• «Ғылымға алғашқы қадам» – Аманжолова Рабия, Далабаева Фатима (Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК);
• «Үздік ой» – Имирова Саниям Абдихимитовна (Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы), Урымбаева Жансая (Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК).